25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі  №151

525 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2014 жылғы 27 қараша,  Астана қаласы Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.ШКОЛЬНИК. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 151 бұйрығымен бекітілген Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары 1. Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) онда ластану учаскелерінің түрлері мен шығу көзі, олардағы ластаушы заттардың көлемі мен шоғырлануы, ластану учаскелерінің тиесілілігі мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер жиналатын деректер банкі болып табылады. 3. Тізілімнің жүргізілуін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Тізілім орталық және аумақтық тізілімдерден тұрады. 4. Тізілім ластану учаскесінің тізілімдік паспорты (бұдан әрі - тізілімдік паспорт) негізінде жүргізіледі. 5. Әрбір ластану учаскесіне табиғат пайдаланушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімдік паспорт жасайды және оны тиісті аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына ұсынады. 6. Жаңа ластану учаскесіне арналған тізілімдік паспортты табиғат пайдаланушы оны анықтағаннан кейін үш ай ішінде жасайды. 7. Тіркелген тізілімдік паспорттар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген тізілімге енгізіледі. 8. Табиғат пайдаланушыға тіркелген тізілімдік паспорттың көшірмесі беріледі. 9. Орталық тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады. 10. Орталық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды: 1) ластану учаскелері туралы ақпаратты орталықтандырылған жинауды; 2) орталық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды); 3) мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді. 11. Орталық тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарынан келіп түскен жазбаша ақпараттың негізінде уәкілетті орган жасайды. 12. Аумақтық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды: 1) аумақтық тізілімге тиісті жазба енгізу жолымен ластану учаскелерін тіркеуді; 2) тізілімдік паспорттарды аудандар бойынша толықтыруды және сақтауды; 3) мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді; 4) аумақтық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды), оның ішінде алып тастаудың күні мен негіздерін көрсете отырып, тізілімнен ластану учаскесін алып тастауды. 13. Әрбір ластану учаскесіне тіркеу нөмірі беріледі. Аумақтық тізілімнен алынып тасталған тіркеу нөмірі жаңа ластану учаскелеріне берілмейді. 14. Ластану учаскелерін аумақтық тізілімнен алып тастау аумақтық қоршаған ортаны қорғау органымен келісілген ластануды жою туралы жобаны және осы учаскеде орындалған жұмыстар актісін табиғат пайдаланушының ұсынуы негізінде жүргізіледі. 15. Аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары аумақтық тізілімді жыл сайын 10 мамырдан кешіктірмей электрондық жеткізгішпен уәкілетті органға ұсынады, жаңа ластану учаскелері анықталған жағдайда ақпарат аумақтық тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынылады. 16. Тізілімге тізілімдік паспорттардың уақтылы енгізілуін, ақпараттың дұрыстығын бақылауды, сондай-ақ лас­тану учаскелерінің тізілімдік паспорттарын талдауды, есепке алуды, жүйелеуді, сақтауды және оларды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары жүзеге асырады. Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Ластану учаскелерінің тізілімдік паспорты 1) тіркеу нөмірі __________________________ 2) ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы Облыс Аудан Қала, кент Географиялық координаттары 1 2 3 4 3) нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрі______________________________ ___________________________________________________________________ 4) меншігінде/иелігінде ластану учаскесі орналасқан аумақ бар табиғат пайдаланушы______________________________________________________ __________________________________________________________________ 5) жер санаты_________________________________________________ __________________________________________________________________ 6) ластану учаскесінің параметрлері: Ұзын-дығы, м Ені, м Тереңдігі, м Алаңы, м2 Ластаушы заттардың түрі Қауіптілік деңгейі Агрегаттық жай-күйі 1 2 3 4 5 6 7 7) орналастырудың техникалық шарттары: Топырақ немесе араласушы тау жыныстарының сипаттамасы Топырақ немесе тау жынысы Су өткізбеушілік Физикалық-механикалық қасиеттері 1 2 3 8) химиялық құрамы: Ластаушы заттар Нормативтер Рұқсат етілген шекті мөлшер (әсер ету деңгейі қауіпсіздігін бағалау) атауы шоғырлануы, % көлемі, м3 суда ауада топырақта ең төмен ең жоғары орташа 1 2 3 4 5 6 7 8 9) ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдар: Су бойынша Ауа бойынша Басқалар 1 2 3 10) ластану учаскесінің зерделену дәрежесі: Кім және қашан зерттелді Есептілік материалдың атауы Объектінің зерттелген параметрлері 1 2 3 11) ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамалары: климаттық жағдайлардың сипаттамасы Жел өрнегі 5 м/сек астам жылдамдығымен желдер жиілілігі Жауын-шашындар түсімінің жиілілігі 1 2 3 12) ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шаралар ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын растаймын. Жасаушы (табиғат пайдаланушы): _______________________________________________ Т.А.Ә.А. _____________________________________________________________________________ лауазымы қолы_____________ күні_______________ ___________________________________________________________________ Т.А.Ә.А. ________________________________________________________тіркеді. лауазымы қолы ________________ күні________________ Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Ластану учаскелері мемлекеттік тізілімі Тіркеу нөмірі Ластану учаскесінің орналасқан жері Ластану учаскесінің тізілімдік паспортын әзірлейтін - табиғат пайдаланушы Тізілімнен алып тастаудың күні мен негіздемесі 1 2 3 4 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10042 болып енгізілді.